Елорда тынысы

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана қаласында жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.

«Мұның мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру. Қазіргі кезде 80-нен астам жұмыс беруші 1 200-ден астам жұмыс орнын ұсынып отыр. Бұл – мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар. Олардың қатарында құрылыс, өндіріс, сауда, қаржы, көлік секілді түрлі сала бар», – деді Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Талғат Есімов.

Жәрмеңкеде астаналықтар өздері қалаған сала бойынша жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алады.

«Бос жұмыс орындары болғандықтан, жәрмеңкеге келіп отырмыз. Бізге қазіргі кезде байланыс операторы қажет. Ол кассир болып, клиенттермен жұмыс істейді. Екіншіден, хат-журналдарды таситын пошташы, сондай-ақ жүргізушілер қажет», – деді «Қазпошта» АҚ Астана филиалының кадр бөлімінің басшысы Айна Әлиакбарова.

Жәрмеңке жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

«Бұл іс-шараның көпке пайдасы мол. Мұнда жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып жатыр. Ал жұмыс іздеушілер компаниялардың менеджерлерімен сөйлесіп, қызықтырған сауалдарын қоюда. Мұнда жұмыс берушілер өте көп екен. Менің педагогика саласында 16 жылдық тәжірибем бар. Маған халықпен тығыз жұмыс істейтін сала ұнайды. Сол бағытта жұмыс берушілермен сөйлесіп, байланыс нөмірлерін алдым», – деді елорда тұрғыны Гүлжайна Тұрсынбаева.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін жақсы мүмкіндік.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button