Елорда тынысы

Президенттің қолтаңбасы бар iPhone кімге бұйырды?

Мобилографтар арасындағы байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Тоқаевтың қолтаңбасы бар iPhone кімге бұйырды?

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқау аяқталды.

Байқау қорытындысымен ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті.

Facebook-тегі парақшасында Берік Уәли түрлі әлеуметтік желілерде ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар атынан алғыс айтты. Сондай-ақ ол сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткерлердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар барын да нақтылады.

“Арнайы комиссия келіп түскен әрбір жұмысты мұқият қарай отырып, байқаудың қорытындысын шығарды. Сонымен Бас жүлде Берікбол Аймырзаға бұйырды! Екінші орынға Аманқұл Ерасыл ие болып, үздік үштікті Арман Тұрлыбеков қорытындылады. Руслан Абжал есімді қатысушының жұмысы төртінші орынға лайық деп танылды” депжазды Берік Уәли.

Жүлде қоры төмендегідей:

Гран-при:

  • сапар немесе іс-шара барысында Президенттің жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу.
  • Мемлекет басшысының қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max
  • мобилографияға арналған жабдықтар жиынтығы (жарық, микрофон).
  • 1 000 000 теңге.
  • Президенттің грамотасы.

Екінші орын: 1 000 000 теңге.

Үшінші орын: iPhone 15 Pro Max.

Төртінші орын: 500 000 теңге.

Сондай-ақ басқа қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталады.

Өз кезегінде Берікбол Аймырза өзіне берілген бұл мүмкіндікке дән риза екенін айтып, алғыс білдірді.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button