Қоғам

Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді

Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алатыны атап өтілді.

«Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін ұрғашы және еркек жолбарыс Нидерландыдан әкелінді. Қазақстанда олар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Бұл суық ауа райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары», — делінген хабарламада.

Еске салайық, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жолбарыстарды жерсіндіру жоспарлары туралы айтқан болатын. Ол биыл қыркүйекте Нидерландыдан екі жолбарысты, келесі жылы Ресейден тағы үш-төрт жолбарысты әкелу жоспарланып отырғанын айтты.

 

Сурет: depositphotos.com/vencav

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button