Елорда тынысы

Қала ішінде 200 км/сағатпен жүйткіген

Желіде Lexus жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылы бойымен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүріп, басқа да бірқатар жол ережесін бұзған видео тарады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Видео авторы жылдамдықты шектен асырып, басқа да жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін қамауға алынған.

«Тексеру барысында 19 жастағы жігіт анықталды, ол жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 27 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 12 тамызда ол қарсы жолаққа шыққаны үшін алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», — деді Астана ПД өкілдері.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды. Көлік тұраққа қойылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button