Елорда тынысы

«Жастар» сарайының аумағы қалай түрленді?

Биыл елорданың «Байқоңыр» ауданындағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында орналасқан «Жастар» сарайының аумағына ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Аталған учаскеде осы күнге дейін автотұрақ мәселесі аса түйткілді сұрақтардың бірі болатын. Бүгінде бұл жерге кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала тұрғындары үшін қолайлы әрі кең автотұрақ пайда болды.

Сонымен қатар «Жастар» сарайының артқы аумағындағы қараусыз бос кеңістік те кешенді абаттандырылып, орнына шағын демалыс орны мен workout-аймағы жайластырылды.

Бұдан бөлек, осы учаскедегі Омаров көшесіндегі бұрын балшықты бос кеңістік орнына жаяу жүргіншілер кеңістігі ораласпақ.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button