Елорда тынысы

Шахматтан Қазақстан құрамасы ағаш отырғызды

Шахматтан Қазақстан құрамасы Астанада ағаш отырғызды деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Ірі халықаралық шахмат турнирінен оралған қазақстандық шахматшыларды әуежайда спорт ұйымдарының өкілдері, жанкүйерлер мен туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Ал жылы кездесуден кейін команда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға аттанды.

Осы бастама аясында олар Ботаникалық баққа ағаш отырғызды.

«Еліміздің атынан халықаралық аренада өнер көрсетіп қана қоймай, еліміздің экологиялық болашағына үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе. Ағаш отырғызу – өсу мен күтімнің символы, ол басқаларға шабыт береді деп үміттенемін. Шахматты дамытуға күш салғанымыздай, табиғатқа қамқорлық жасау да маңызды», — деп атап өтті шахматтан әлем чемпионы, елордалық шахматшы Қазыбек Нөгербек.

20 жастағы ойыншы Үндістандағы жасөспірімдер арасындағы планета біріншілігінде ерекшеленді. Осыдан екі жыл бұрын Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық шахмат құрамасының қатысушыларының бірі Әлішер Сүлейменов «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу туралы өз әсерімен бөлісті:

«Ағаш отырғызу – біздің болашаққа қосқан үлесіміздің белгісі. Біздің спорттық жетістіктерімізді еселейтініміз сияқты табиғатымызды аялап, экологиямызға қамқорлық жасау да өте маңызды».

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл желектерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. жинау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button