Жаңа Қазақстан

Ұлт саулығы бәрінен маңызды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ­Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын ұжым болып ықыласпен тыңдадық. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында қоғамның негізгі факторы – адам денсаулығын жақсарту мәселесін алдыңғы орынға қоя отырып, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуды, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін айрықша атап өтті.

Еліміздің кез келген азаматы әр жылғы Жолдаудан мемлекетке, өзіне, жақындарына қатысты бір жаңалық, жақсы өзгеріс күтеді. Биыл да көпшіліктің көкейінде жүрген көп дүние Президент тарапынан қолдау тапты. Денсаулық сақтау саласында отыз жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан  маған Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмектің қазіргі мәселелері жөнінде айтқан сөздері ерекше әсер етті.

«Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 трлн теңге қаржы бөлінді. Бірақ оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды» деді Президент.

Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігін айрықша ескерткен Мемлекет басшысы цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгеріс­терді сәтті жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты. Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына осындай бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау аса маңызды.

Мені және басқа да әріптес­терімді толғандыратын тағы бір мәселе – дәрігерлердің білімін жетілдіру, қайта даярлау. Білікті медицина мамандарының тапшылығы – әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, біздің жоғары білікті мамандардан құралған, қазіргі заманғы инновациялық және басқарушы әдістерді пайдаланатын, емделушілерге медициналық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу кәсіпорны емханаға тіркелген тұрғындарға учаскелік-аумақтық принцип бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіп келеді.

Жалпы, Мемлекет басшысы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бірқатар маңызды бағыттарға назар аударды. Емханаға тіркелушілердің  денсаулығын нығайту бағытында кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға біз де барынша атсалысамыз. Өйткені ұлт саулығы бәрінен маңызды.

Жаңалық САҒАНДЫҚОВ,

Астана қаласындағы «№11 емхана» МКК ШЖҚ директоры

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button