Қоғам

АЭС салуды көп талқысына беру – халыққа деген сенім

Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне орай алдағы уақытта жалпыұлттық референдум өтеді. Жалпы бұл мәселені халықтың талқысына салу – Президенттің халыққа деген зор сенімі деп білемін.

Қазір біз нақты экономикаға көштік. Бұрын жоспарланған экономикамен өмір сүріп, барлық міндет, жұмыс жоғарыдан төменге қарай жүрді, қазір керісінше төменнен жоғары келе жатқаны қуантады. Демек, демократиялы қоғам ретінде барлық мәселені көпшілік қалауымен шешуге көңіл бөлінуі қуантады.

Қазір бірінші кезекте АЭС салу қажет пе, қажет емес пе деген сұрақ қойылып отыр. Меніңше, Қазақстанда атом электр стансасының да «өмір сүруге» қақы бар. Дәл сол сияқты басқа энергия көздерін де дамыту керек. Елімізде нарықтық экономика әлемдік деңгейде дамып жатыр. Даму қарқыны өте жоғары, технологиялардың жарысқан уақыты. Сондықтан электр энергиясын да ең үздік технологиялар бойынша алуымыз керек. Ең бастысы керегі – ол әрине, қауіпсіздік, екіншісі – экономикалық тиімділік. Экономиканы дамыту үшін өндіріс орындарын көптеп салу керек. Ал өндіріс үшін электр энергиясының көп және қуатты болуы аса маңызды.

Францияда көп уақыт тұрдым. Бәріңіз білетіндей, бұл елде электр энергиясының 70 пайызын атомнан алады. Ал біздің елде керісінше, 70 пайыз электр энергиясы ЖЭО, яғни көмір жағу арқылы өндіріліп отыр. Ал бұл Қазақстанның жасыл экономикаға көшу бойынша міндеттемелерін орындауға кереғар әрекет. Сол міндет-меже үдесінен шығу үшін АЭС салуды қолдауымыз аса қажет.

 

Ерғали Мұқанұлы,

PhD, экономист, халықаралық сарапшы

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button