Қоғам

Бизнес өкілдері АЭС салуға қатысты көзқарасын білдірді

Елордада АЭС салу туралы референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Бүгін сондай жиын Астанадағы бизнес қоғамдастық, қонақ-үй бизнесі және туристік ұйымдар басшылары мен ұжымдарына өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ядролық физика институты Астана филиалының инженері Мәлік Қалиекперов сала маманы ретінде арнайы слайдтармен толыққанды баяндама жасады. Ол қазіргі таңда АЭС салуға қатысты барлық сұрақтарға жауап беретін нағыз ғылыми деректерді ұсынды.

-Біздің энергия бойынша тәуелсіздігіміз қазір күмәнді жағдайда. Көрші елдерден сатып алу қажеттілігі бар. Әлемде геосаяси жағдай өзгерер болса, біз нағыз энергия тапшылығын сол кезде көреміз. Атом электр стансаларының қазіргі соңғы үлгілері бұрынғы түрлерінің барлық кемшіліктерін ескере отырып жетілдірілген, сондықтан ол қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді, – деді спикер.

Жиында Аманат партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шахим Насибов те алдағы референдумда дұрыс таңдау жасау еліміздің болашағы үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар белгілі кино және театр актері, ҚР Еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов кездесуге келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button