Астанада бақылау-қадағалау органдарының есебі тындалды
Астанада бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастықтың алдындағы бірыңғай есеп күні өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс- шараға Астана қаласы әкімдігінің басқармалары, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті, Астана қаласының Қалалық ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер департаменттері және басқа да бақылау-қадағалау органдары қатысты.
Сонымен қатар, іс-шараға Астана қаласы бойынша Даму Қоры және екінші деңгейлі банктердің өкілдері де қатысты.
Олар Бақылау және қадағалау органдарының ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 тамызына дейінгі аралықта жүргізілген жұмыстары, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында істеген істері туралы есеп берді.
Жиын жыл сайын бизнесті мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларымен таныстыру, кәсіпкерлік субъектілері мен қауіпсіз қызмет ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді.