Қоғам

АЭС Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне жол ашады

 Қала тазалығына жауапты «Астана Тазалық» ЖШС-де де АЭС салу бойынша референдум аясындағы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиында энергетика саласының ардагері, ҚР Еңбек сіңірген энергетигі Рамазан Оразақов пен «Астана РЭК» АҚ сенімді пайдалану қызметінің бастығы Болат Жақанов серіктестік қызметкерлеріне Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың қажеттілігі мен оны салу жолдары туралы білгенімен бөлісті

— Мамандығыма байланысты атом энергетикасын зерттеумен айналысамын және бұл мен үшін өте маңызды.Қазір біз ұжымдарға атом энергетикасының қажеттілігін түсіндіру үшін кездесулер өткіземіз. Халықтың атом өнеркәсібін дамыту қажеттілігі туралы түсінігі мол. Бұл секторды дамыту бізге елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге көбірек мүмкіндіктер ашуға септік етеді. Осындай ашық пікірталас халықтың алаңдаушылығын жоюға және атом энергетикасының барлық негізгі аспектілерін көрсетуге ықпал етеді. Қолданыстағы электр энергиясы көздері жаңартуды қажет етеді.Бірақ атом электр стансаларының дамуы басқа энергетикалық секторлардың дамуын тоқтатады дегенді білдірмейді, бәрі қатар жүреді.Атом энергетикасы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі болады және оның дамуы, ең алдымен,бейбіт атомды дамытады. Әлемдегі жетекші державаларға ілесуіміз керек.АҚШ, Жапония,Қытай,Ресей,Оңтүстік Корея және Батыс Еуропа мемлекеттері сияқты елдерде атом энергетикасын дамыту бұрыннан қалыпты жағдайға айналған.Бүгінгі таңда әлемде 400-ден астам АЭС жұмыс істейді және Қазақстан өзінің атом өнеркәсібін дамытуға ұмтылуы тиіс, — деді Б. Жақанов.

Кездесу барысында серіктестік қызметкерлері АЭС салу бойынша сұрақтар қойып, электр энергиясын өндірудің баламалы көздеру туралы кеңінен мағлұмат алды.

-Елімізге еңбегі сіңген энергетиктер келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біз АЭС-тің еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуда маңызы зор екенін түсінеміз. Халық санының артуына байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі артып келе жатқанын да байқап отырмыз. Сондықтан электр энергиясын өндірудің қауіпсіз және экологиялық таза түрін дамытудың қажеттілігі зор, — дейді «Астана Тазалық» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары Ален Даулетов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button