Қоғам

АЭС- тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ету мүмкіндігі

Елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі оңтүстікте айқын сезіледі. Тіпті елордада да электр энергиясы тапшылығы барын қаланың энергетиктері растайды. «Астана энергия» АҚ өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Роза Құлмағамбетованың айтуынша, бұл мекеме Астана халқы тұтынатын электр энергиясының 60 пайызын өндіріп отыр. Қалғаны басқа жақтан сатып алынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Біздің бүкіл өміріміз электр энергиясымен тығыз байланысты. Қазақстандағы барлық электр қуатының 70 пайызын көмірмен жағылатын ЖЭО-лар өндіреді. Елдегі жылу электр станцияларының біразының жұмыс істеп тұрғанына 60 жылдан асқан. Олардың тозуы электр энергиясын өндіру тиімділігін төмендетеді. Жыл сайын халықтың энергия тұтыну көлемі артуда. Ескі жылу электр станциялары жаңартуды қажет етеді. Көмір генерациясын азайтып, жасыл энергия көздерін көбейту қажеттілігі – әлемдік деңгейде үлкен мәселе. Қолданыстағы энергия көздері барлық халықтың қажеттілігін өтей алмай отыр.

Еліміздің энергетика секторы өзгерістерді талап етеді. Осылайша АЭС салу энергетиканы жаңартуды және парниктік газды бөлуді азайтуды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда ғылыми процесті де дамытуға серпін береді. Энергетика саласында инновациялдық технологиялардың дамуына ықпал етеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазақстан сияқты дамып келе жатқан елдің экономикасы үшін энергия көп мөлшерде қажет, АЭС бұл қажеттілікті қанағаттандыруға көмектеседі. Елімізде атом электр стансасын салуға қажетті технологиялық база бар. Оның ішінде инженерлік және ғылыми-зерттеу орталықтарын атап өтуге болады. Қазақстан АЭС салуға қатысты халықаралық ынтымақтастықты да дамытуда. Осы арқылы тәжірибе мен технология алмасу мүмкін болады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button