Елорда тынысы
Референдум күні жол жүру тегін
Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды CTS.
6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол ақы алынбайды.
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.