Елорда тынысы
CTS: веломаусым аяқталды, қысқа дайындық басталды және АЭС
City Transport System компаниясында қысқа дайындық басталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Төменде компанияның жаңалықтарын қысқаша келтіріп отырмыз.
CTS – Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жанындағы серіктестік. Қызмет бағыттары: интеллектуалды көлік жүйесі, автобус тасымалы, төлем жүйесі, жеңіл рельсті көлік жүйесі, веложалдау, автотұрақтар, паркингтер.
* * *
Бүгінгі таңда елорданың автобус парктері күзгі-қысқы кезеңге кешенді дайындық жүргізуде.
Олар – жылы және ашық тұрақтарды дайындығын аяқтау, автокөлік жуу орындарын қажетті жабдықтармен жабдықтау, жанар-жағармайды үзіліссіз жеткізу шарттарын жасау, автобустар үшін қысқы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін және олардың жылыту жүйелерін тексеру.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 8 автобус паркі жұмыс істейді, оның 1-і коммуналдық және 7-і жеке меншік. Автобус парктерінде 1625 автобус бар. Күн сайын қала көшелеріне 100 маршрут шығады, оның 74-і қалалық бағыттарда, 26-сы қала маңы бағыттарында қызмет көрсетеді.
* * *
Құрметті елордалық велошеринг пайдаланушылары!
1 қазаннан бастап «Тоқсандық» абонементін сату тоқтатылады.
2024 ж. веломаусымының соңына дейін «Айлық» абонементін бұрынғыдай velobike.kz сайтында, Kaspi.kz қосымшасында, сондай-ақ CTS Орталық кассасынан сатып алуға болады. Теңгерім толықтыру да қожетімді.
* * *
Құрметті жолаушылар!
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 2, 7, 13, 21, 32, 50, 64 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
* * *
АЭС – болашақ энергиясы
ҚР Парламент Мəжілісінің депутаты Павел Казанцев, Қазақ технология және бизнес университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының докторы Сапарбай Жобаев, Астана медицина университетінің Радиобиология және радиациялық қорғау институты директоры Мейрат Бахтин бастаған халықтық штаб өкілдері «City Transportation Systems» қызметкерлеріне АЭС салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атом энергетикасының тиімділігі, болашағы, еліміз үшін пайдасы жөнінде айтып берді.