Вице-министр астаналықтармен кездеседі
Экология вице-министрі астаналықтармен кездеседі, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
“2024 жылғы 2 қазанда сағат 10:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді
Кездесудің мекен-жайы: Мәңгілік ел-11/1, Казгидромет ғимараты, 1 қабат
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі және электрондық мекен-жайға: 8(707) 400 70 06 nur-ecodep@ecogeo.gov.kz
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.”, делінген хабарламада.