«Elge Qyzmet Run»
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Elge Qyzmet Run спорттық жүгіруін ұйымдастырды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Спорттық шара Академияның 30 жылдығына орай өтті.
Триатлон паркінде өткен ELGE QYZMET RUN салауатты өмір салтын ұстанатын 400 адамның басын қосты. ELGE QYZMET RUN қатысушылары 10 км, 5 км және 2,5 км арақашықтық бойынша жүгірді. Барлық қатысушыға медаль берілді. Абсолютті жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі санатта жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар да жүлделі орындар иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.
Жүлделі орын алған қатысушыларға марапатты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай табыстады.