Елорда тынысы

Есірткі сақтаған күдікті экстрадицияланды

Астана қаласында есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген адам Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» байламдары табылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button