Елорда тынысы

«Саламатты мектеп» жобасы басталды

Қазақстанда «Саламатты мектеп» жобасы бойынша семинарлар басталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Кеше Астана қаласында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» («Саламатты мектеп») бастамасын кеңейту бойынша семинар өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығының шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» БӘАҰҒПИ» ҰАҚ-пен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы Елдік кеңсесімен ынтымақтастықта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – еліміздің білім беру ұйымдарында тұжырымдаманы тиімді жүзеге асыру үшін өңірлік және жергілікті үйлестірушілер, мектеп өкілдері мен ата-аналардың әлеуетін арттыру.

Іс-шараға 79 адам – «Саламатты мектеп» жобасына қатысып келе жатқан мектептердің, сондай-ақ жаңа мектептердің өкілдері қатысты.

ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқармасының төрағасы Салтанат Назарова «Саламатты мектеп» бастамасы салауатты ұрпақ қалыптастыруда басты рөл атқарады. Барлық қатысушылар арасында тәжірибе мен білім алмасу осы мақсатқа жету жолындағы маңызды қадам болып табылады» – деп атап өтті.

Іс-шара барысында ДДСҰ Еуропалық өңірінің зерттеулері және Қазақстан бойынша негізгі қорытындылар қарастырылды. Тамақтану, физикалық белсенділік, су, санитария және гигиена сияқты мектеп деңгейіндегі индикаторлары талқыланды. Сондай-ақ «Саламатты мектеп» бастамасын іске асырудың ұлттық моделі, никотин мен темекіге қатысты мектеп саясаты және «FAST суперқаһармандары» білім беру бағдарламасы таныстырылды. 6-9 жас аралығындағы балалардың физикалық, психикалық және эмоционалды денсаулығына, осы жастағы балалар арасындағы артық салмақ пен салмақ жетіспеушілігінің таралуын зерттеуге, сондай-ақ репродуктивті денсаулыққа және басқа зерттеулерге ерекше назар аударылды.

«ҚР-да мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» зерттеулерінің соңғы деректері бойынша:

11-15 жастағы балалар мен жасөспірімдердің 83,4%-ының психикалық денсаулығы/саламаттылығы жақсы;

– 11-15 жастағы жасөспірімдердің 16,6%-ында психикалық саламаттылығының нашар болуы, ықтимал депрессияның  белгілері анықталды;

– 15 жасқа қарай нашар әл-ауқат белгілері бар жасөспірімдердің үлесі 1,8 есеге (21,8%-ға дейін) артуда. Қыздарға қарағанда ұлдар арасында эмоционалды көңіл-күйі жақсы жасөспірімдер жиі кездесетінін айта кету керек;

– жасөспірімдердің 5,7%-ы сексуалды қарым-қатынасқа түскен, сондай-ақ, 15 жастағы жас жігіттердің 35%-ы қорғалмаған жыныстық қатынасқа түседі;

– балалар мен жасөспірімдердің 7,9%-ы құрдастарына қарағанда физикалық конфликт жиі түсті (төбелесті);

– ұлдар арасында мұндай проблемалық мінез-құлықтың таралуы 12,1%-ды, ал қыздар арасында 3,6%-ды құрады. 11 жастан 15 жасқа дейін ұлдар арасында, сонымен қыздар арасында да физикалық конфликттердің (төбелестердің) жиілігі төмендейді.

Сондай-ақ, сарапшылар оқу нәтижелерінің жақсаруына, сабаққа бармау жағдайларының азаюына, психикалық денсаулыққа қолдау көрсетілуіне, салауатты әдеттердің қалыптасуына және қауіпсіз және қолайлы ортаны құруға деген ұмтылысқа ерекше назар аударды.

Астанадағы семинар жоба аясындағы бастама болып табылады, жоба аясында сарапшылар жыл соңына дейін еліміздің барлық аймақтарына баруды жоспарлап отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button