Осы аптада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмайды
Осы аптада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмайды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Бұл референдум өтетінімен байланысты болып отыр.
Елімізде өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанға белгіленген. Өз өнімдерін еліміздің 4 өңірінен келген аграрлар ұсынады.
Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген шаруалар алып келмек.
Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.