Ұстаздар күні қарсаңында ардагер педагогтерді құттықтады
Ұстаздар күні қарсаңында елордадағы № 99 орта мектебінде еліміздің білім саласының өркендеуіне үлес қосқан аға буын педагогтерді құттықтады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Іс-шара Астана қаласы Білім басқармасы мен «Әділет» қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
Құттықтау сөзінде Астана қаласы білім Басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев астаналық білім саласының маңызды жетістіктерін атап өтті.
«Қалада жаңа балабақшалар белсенді салынып жатыр, жыл соңына қарай біз екі жаңа мекемені пайдалануға береміз. 300 орындық балабақшалар құру, сондай-ақ 500 орындық үлкен бақтар үшін жер учаскелерін табу жоспарда тұр. Бұл бізге мектепке дейінгі мекемелерге кезекті қысқартуға мүмкіндік береді. Келесі жылы бірнеше ауысымда жұмыс істейтін 8000-ға жуық оқушыны қабылдай алатын үш жаңа мектеп салу жоспарлануда. Біз сондай-ақ осы мамандықты таңдаған студенттерге гранттар ұсына отырып, болашақ тәрбиешілер үшін кәсіптік білім беруді дамытуды жалғастырамыз. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ете алатын білікті мамандардың болуы маңызды», – деп атап өтті ведомство басшысы кездесуде.
Іс-шара № 99 жаңа жайлы мектепте өтті, онда жас ұрпақты сапалы оқытуға барлық жағдай жасалған.
«Тамаша оқу орнымыз өркендеп, халықаралық бағдарланған оқушыларды тәрбиелеуді жалғастырады деп үміттенеміз. Әріптестерімізге шабыт пен кәсіби табыс, оқушылар тарапынан сүйіспеншілік пен құрмет, сондай-ақ ата-аналарға бақ-береке тілеймін. Осы оқу жылы қызықты оқиғаларға толы болып, шығармашылық жетістіктер әкелсін, ал мектеп өмірі мәнді де мағыналы болсын», – деді іс-шараға қатысушы Зауре Жүсіпова әріптестеріне арнаған үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басында елордада 188 мектеп жұмысын бастады, оның 110-ы мемлекеттік, 71-і жекеменшік және 7-і жалпы 282 150 оқушы қамтитын республикалық мектеп.
Желтоқсан айында тағы 8 мектеп (6 жайлы мектеп, 2 жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі. Жайлы мектептер салудың негізгі мақсаты – жаңа оқушы орындарын құру, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою.
Естеріңізге салсақ, оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында салынуда.