Қоғам

Климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі

Атом энергетикасы парниктік газдар шығарындыларын азайтады, ал оның азаюы өз кезегінде жаһандық климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Соның арқасында табиғи экожүйелердің одан әрі жойылуына жол берілмейді

АЭС дегеніміз – бұл ядролық реактордан шығатын жылуды электр энергиясына айналдыратын электр станциясы. Ядролық реакторда уранның ядролық бөлінуінен энергия алынады. АЭС-тің жұмыс істеуінің 4 принципі бар. Бірінші, ядролық реактор, мұнда уран ядролық тұрғыда бөлінеді, осыдан жылу пайда болады. Екінші, бу генераторына жылу беріледі, онда су қайнайды және бу түзіледі. Үшінші, бу турбинаны айналдырады, ол генераторды айналдырады. Төртінші, генератор электр энергиясын өндіреді. АЭС-тің 3 артықшылығы – энергияның тиімді көзі, шығарындылардың аз болуы, ұзақ қызмет ету мерзімі. Кемшіліктері де үшеу – ядролық қалдықтарының қаупі, құрылыс бағасының жоғары болуы, қауіпсіздік мәселесі. Биолог ретінде Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын бағалай отырып, оның артықшылықтарын экологияға, биоәртүрлілікке және тұрақты дамуға әсері тұрғысынан қарастырдым.

Атом электр станциялары жұмыс істеп тұрған кезде көмірқышқыл газын (CO2) және метанды (ch4) шығармайды, бұл оларды көмір немесе газ станцияларымен салыстырғанда экология­лық таза етеді

Парниктік газдар шы­ғарындыларын азайтуы. Атом электр станциялары жұмыс істеп тұрған кезде көмірқышқыл газын (CO2) және метанды (ch4) шығармайды, бұл оларды көмір немесе газ станцияларымен салыстырғанда экология­лық таза етеді. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жаһандық климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі, бұл өз кезегінде табиғи экожүйелердің одан әрі жо­йылуына жол бермейді және Қазақстанның биоәртүрлілігі үшін тәуекелдерді азайтады. Парниктік шығарындылар зардаптарына әлемде мұздықтардың еруі, суық жерлердің күрт ысып, ыстық жерлердің суып кетуі жатады. Сонымен қатар АЭС экожүйелерді сақтау және ауаның ластануын азайтуға ықпал етеді, күкірт диоксиді (SO2) және азот оксиді (NOx) сияқты ластаушы заттарды шығармайды, олар көбіне қазба отындарын жағу кезінде пайда болады және жаңбыр мен ауа сапасының нашарлауына әкеледі. Сондай-ақ суды аз тұтыну және су ресурстарына жүктемені азайтуға ықпал етеді. Салқындату және жұмыс істеу үшін үлкен көлемдегі суды қажет ететін көмір және газ электр станцияларынан айырмашылығы – атом электр станциялары су ресурстарын тұтынуды азайтатын жабық су айналымы жүйелерін пайдалануында. Бұл әсіресе су тапшылығы мен оны ұтымды пайдалану, су экожүйелері мен суда жүзетін түрлерді сақтауға зор маңыз беретін Қазақстан үшін өзекті.

АЭС қазба отындарын пайдалануды азайтып, биоәртүрлілікті сақтауға көмектеседі. Атом электр станциялары көмір өндіруге және тасымалдауға байланысты табиғи экожүйелерді жиі бұзатын көмір кен орындарына тәуелділікті азайтуға септік етеді. Көмір мен мұнай өндіруді азайту топырақтың деградациясын кемітеді және ормандардың жойылуын болдырмайды, бұл табиғи ландшафттар мен биоәртүрлілікті сақтайды.

Кішігірім аймақ және қор­шаған ортаға жергілікті әсеріне келсек, АЭС электр станцияларының басқа түрлерімен (мысалы, күн немесе жел парктері) салыстырғанда айтарлықтай аз аумақты алады, бұл экожүйелерге әсерін азайтады. Әсіресе өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және эндемикалық түрлерін қорғау үшін өте маңызды.

Әйгерім ­БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Астана қаласы
№91 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, жаратылыс­тану ғылымдарының магистрі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button