Елорда тынысы

Ақылы тұрақ саны 10 мыңға дейін жетеді

Астана қаласындағы ақылы тұрақ орындарының саны 10 мыңға дейін жеткізіледі, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімет айтты.

«Мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шартына сәйкес 10 000 ақылы тұрақ орындарын іске қосу көзделеді. Бүгінгі таңда 7 200-ден астам ақылы тұрақ енгізілді. Ақылы тұрақтар әлеуметтік нысандар мен үйлердің аула аумақтарының жанында орнатылмайды», – деп жазылған басқарма жауабында.

Басқарма мамандарының айтуынша, ақылы тұраққа төленген ақшаның 25 пайызы қала бюджетіне түсіп жатыр. Мұндай принцип 2038 жылға дейін жұмыс істейді деп айқындалған.

«Кірісті бөлуге келсек, мемлекет-жеке меншік әріптестігінің шартына сәйкес, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы қарашаға дейін мемлекеттің үлесі 5%, жеке әріптестің үлесі 95% болған. 2022 жылғы желтоқсаннан 2038 жылғы қарашаға дейін мемлекеттік серіктеске 25%, жеке серіктеске 75% үлес белгіленген. Сондай-ақ, ақылы тұрақ қызметтерін төлеуден жалтарғаны үшін салынатын айыппұлдан түскен ақшаның бәрі қала бюджетіне түседі», – деп жазады әкімдіктегілер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button