Елорда тынысы

Монополиялық жоғары бағаларды белгілеумен айналысқан

DAMUMED Астана қаласында монополиялық жоғары бағаларды белгілеумен айналысқан, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бәсекелесітікті қорғау және дамыту агенттігінің елордалық департаменті «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қарасты DAMUMED кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне кейбір қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге байланысты тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеу қорытындысы бойынша, 2020-2022 жылдары жоғарыда көрсетілген қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталды.

DAMUMED қызметтердің түпкілікті құнында негізгі өндірістік қызметпен тікелей байланысты емес шығындарды негізсіз есепке алған. Аталған мән-жайлар Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1) тармақшасының бұзылуына әкеп соқты.

Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 23 ақпандағы шешімімен және қалалық әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 маусымдағы қаулысымен монополияға қарсы тергеу қорытындылары заңды деп танылды.

Еске сала кетсек, DAMUMED – дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізетін ақпараттық жүйе.

 

Сурет: kp.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button