Білім

Болашақ – жастардың қолында

Қазақстанның болашағы – осы елдің жастарының қолында. Заңғар жазушы ­М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз әр заманда өзектілігін жоғалтқан емес. Өйткені ұлттың болашағы оның тәрбие­леп отырған жас ұрпағының білімділігі мен парасатына тікелей байланысты. Қазіргі заманның жастары – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, жаңа технологиялар мен білімнің иелері.

Тәуелсіздік алған жылдан бері мемлекет жастарға білім беруге, инновацияға, ғылым мен мәдениетке қолдау көрсетіп келеді. Тұңғыш ­Президенттің «Жастар – біздің болашағымыз» деген сөзі әрбір жасқа жігер беріп, олардың елге деген патриоттық сезімдерін оятты. Жастар мемлекет үшін тек қана еңбек етуші күш емес, олар – Қазақстанның дамуы мен гүлденуінің кепілі.

Жастардың рөлі тек білім алумен шектелмейді. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ақ жүрек адал достардың» деп жырлағанындай, жастар елге адал болу керек. Әрбір жас өз болашағын Отанның болашағымен байланыстырып, адалдық, ерлік және әділдік жолында күресу арқылы мемлекетке өз үлесін қоса алады.

Қазақ елі жас буынның қолдауына сенеді, оларды ел тағдырын өз қолдарымен жасаушы деп біледі. «Болашақ бүгіннен басталады» демекші, әр жас азамат бүгіннен бастап өзінің Отан алдындағы міндеттерін түсінсе, елдің жарқын болашағы тек қана алда болары анық. Бұл – әрбір қазақ баласының мойнындағы үлкен жауапкершілік. Сол себепті олар елге деген сүйіспеншілік, білім мен еңбекқорлық жолында бір мақсатта жұмыс істеуі қажет. Қашанда «Отанды сүю – иманнан» деген дана сөзді есте ұстау – әрбір жас азаматқа парыз.

Айсұлу КӘДЕНОВА, 

Астана қаласы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-
гимназияның 
10-сынып оқушысы

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button