Елорда тынысы

Мәдениет қайраткерлері дауыс берді

Астанада мәдениет қайраткерлері дауыс берді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бүгін референдумға Майра Ілиясова, Самал Еслямова, Әділ Ахметов, Ерік Жолжақсынов, Ерлан Малаев және басқа да елге белгілі өнер және мәдениет саласының майталмандары белсенді қатысып жатыр.

«Біздің бүгінгі шешімдеріміз — ертеңгі күннің іргетасы. Шығармашылық зиялы қауымның өкілі ретінде болашағымызды ақыл, білім мен тәжірибе негізінде құруымыз өте маңызды», — деген ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі референдумдағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл — халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мен барлығын азаматтық ұстанымын көрсетуге, шетте қалмауға шақырамын», — деп атап өтті Кино және театр актері Әділ Ахметов.

Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы 4 тәсілмен онлайн біле алады:
— Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/  

- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot  

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button