Қоғам

Мемлекет пен билік арасындағы диалогтың көрінісі

Елімізде АЭС салу немесе салмау мәселесі референдум өткізу арқылы халықтың таңдауына берілді. Бұл- демократиялық ашық қоғамның қалыптасуын және мемлекет пен халық арасындағы диалогтың бой көтеріп, нәтиже беріп жатқандығының белгісі. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бірнеше ғылыми мақалалар мен ұлттық-дәстүрлі жобалардың авторы Әділ Орынбасарұлы пікірін білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Бүгін таңнан тұрып Астана қаласындағы өз учаскемізге барып, ел болашағы үшін отбасымызбен даусымызды бердік. Қала тұрғындары бұл істе белсенділік танытып жатыр. Әсіресе, жастардың референдумға келуі, дауыс беруі ашық демократиялық қоғамның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Халықтың көңіл-күйі бірқалыпты. Себебі елдің болашағы үшін әр азамат өзін жауапты сезінеді. Ертемен тұрып, ел болашағына бей-жай қарамай, отбасы, көрші-қолаңмен бірге келіп, дауыстарын беруде. Жалпы, референдум, сайлау сияқты мемлекеттік деңгейдегі саяси маңызы бар дүниелер біздің қоғамға отыз жылдан бері таныс жағдай. Қазіргі қоғам мұндай маңызды іске атүсті қарамайды. Әсіресе, жастар жағы өте белсенді. АЭС салу немесе салмау жайлы шешімді халықтың таңдауына берді. Ендігі шешім халық таңдауында. Билік таңдауды халыққа беріп тұрса, демек, бұл демократиялық ашық қоғамның қалыптасуын және мемлекет пен халық арасындағы диалогтың бой көтеріп, нәтиже беріп жатқандығының белгісі, -дейді Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бірнеше ғылыми мақалалар мен ұлттық дәстүрлі жобалардың авторы Әділ Орынбасарұлы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button