Қоғам

Болашақ үшін таңдау жасадық

Қазақстанда АЭС салу немесе салмау мәселесі шешімін табатын референдум аясында белгілі айтыскер, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев та өз таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Таңертең өз учаскеме барып, таңдауымды жасап еліміздің келешегі үшін дауыс бердім. Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған, экономикасы алға өрлеген елдер осы атом энергетикасын қолданады. Сондықтан біз Қазақстан әлемнің бір бөлшегі ретінде сол елдердің үрдісінен қалып қоймауымыз керек. Мұны халқымыз жан-жақты терең түсінеді деп ойлаймын. Ал оның қауіпсіздік мәселесі, сапалы салу жайы МАГАТЭ шеңберінде қатаң бақылауда болады деп есептеймін. Жалпы бізде энергетикалық тапшылық жыл сайын артып келеді. Соған қарсы иммунитетімізді күшейту үшін бұл қадам керек,- дейді ақын, филология ғылымдарының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button