Шетелде 74 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады
Шетелдегі барлық 74 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті, – деп жазды Сыртқы істер министрлігінен.
Алдын ала сауалнамаларға сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі АЭС салуды қолдап отыр.
Еуразиялық интеграция институты мәліметі бойынша, қолдағандар 71,8%, қарсы болғандар 28,9% болды.
«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген алғашқы exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді.
Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, АЭС салуды референдумға қатысқандардың 72,3%-ы қолдады.
Референдумның нақты нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.