Қоғам

Exit poll: қолдағандар 71% жобасында

Exit poll қорытындысы бойынша дауыс бергендердің 71%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдаған, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Алдын ала сауалнамалар нәтижелері 69-72 пайыз аралығғын көрсетіп отыр.

Мәселен, Еуразиялық интеграция институты мәліметі бойынша, қолдағандар 71,8%, қарсы болғандар 28,9% болды.

Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның 159 – ы қалаларда, 91 – і ауылдарда.

30 мың адам арнайы дайындалған сұхбат берушілермен face-to-face әдісімен сұхбат алды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1% — дан аспайды.

Тапсырыс бойынша зерттеу Zakon.kz Еуразиялық интеграция институтын өткізді.

Айта кетейік, «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген алғашқы exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді.

Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, АЭС салуды референдумға қатысқандардың 72,3%-ы қолдады.

Референдумның нақты нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button