Қоғам

Референдум нәтижесі – болашаққа оң көзқарас

Қазақстан тарихында АЭС бойынша өткен тұңғыш референдум нәтижелері белгілі болды. Дауыс берушілердің басым бөлігі елімізде атом электр стансасын салуды жақтады. Осы маңызды оқиға туралы ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының басшысы Медет Тарбаев пікірін білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Референдум нәтижесі қазақстандықтардың азаматтық борышын орындап, дауыс беруі олардың еліміздің болашағына деген көзқарасы оңды екенін көрсетті. Себебі референдум Қазақстанда демократиялық үдерістердің одан әрі даму жолындағы маңызды қадам болды. ⁠АЭС салынатын болса еліміздегі әрбір азамат, Президенттен бастап осы саланың білікті мамандарына дейін тарихта аты қалатындай жобаны жүзеге асыру үшін қыруар жұмыс атқаруы қажет. ⁠Өз басым бұл референдумда даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым.

АЭС салу туралы айтылғанда пікірлер сан саққа бөлінді. Бірқатар азаматтар АЭС-ті энергетикалық тәуелділікті жою жолы және экологиялық тұрақтылыққа бастайтын шешім деп санаса, кейбіреулер болуы мүмкін апаттардан, радиоактивті қалдықтарынан, қоршаған ортаға ықпалынан қауіптенді. Алайда бұл сұрақтардың бәріне референдум алдында өткен түсінліру жұмыстары кезінде сала мамандары мен сарапшылар нақты жауаптар берді. Осылайша референдумда сол сұрақтардың бәріне жауап алған азаматтар өздерінің нақты таңдауын саналы түрде жасауға дайын болып келді. Референдум нәтижесінде таңдалған шешім еліміздің болашағы үшін өте дұрыс қадам деп білемін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button