Елорда тынысы

Бүгін тұман түседі, өрт шығу қаупі жоғары

Синоптиктер 8 қазанда Астана қаласында және 12 облыста күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

«Қазгидрометтің» мәліметінше Астанада бүгін түнде және таңертең тұман түседі. Өрт шығу қаупі жоғары. Десе де осы үш күнде күндіз ауа райы +17-21 градус жылы болады.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстіктен жел соғып, солтүстік, оңтүстік, орталық бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, басым бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше жоғары, ал облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 8 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік, орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары, облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 8 қазанда жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Облыстың батыс, шығыс және орталық бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік, оңтүстік және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button