«Жұлдыз-2024» ұлттық инклюзивті ойындары аяқталды
Елордада еліміздің 19 өңірінен 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер жеңіл атлетика, үстел теннисі, футбол және басқа да спорт түрлерінен жарыстарға қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Бұл ойындар жай ғана спорт емес, бұл біріктіру, шабыттандыру және жеңу алаңы. Біздің жас спортшыларымыздың әрбір жетістігі – Қазақстанда инклюзивті спортты дамытуда алға жасалған қадам. Біз сіздермен және сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз», – деді Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің вице-президенті Бақыт Сапаров жарыстың жабылу салтанатында.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды 31 медальмен (11 алтын, 9 күміс, 15 қола) Алматыдан келген команда иеленді.
Екінші орынды 19 медальмен Ақмола облысының (8 алтын, 6 күміс, 5 қола) командасы еншіледі.
Үшінші орынға 16 медальмен Астана командасы (6 алтын, 3 күміс, 7 қола) ие болды.