Қазақстан құрамасы 8/1 финалға жолдама алды.
Қазақстан ерлер командасы Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында финалдық сегіздікке жолдама алды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы Сауд арабиясымен бірінші дивизиондағы финалдық сегіздікті өзара сарапқа салды.
Алғашқы сайыста қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко Сауд арабиялық қарсыласы Әлім Аззамды 3:2 есебімен жеңді.
Ал екінші болып өнер көрсеткен Алан Құрманғалиев Токио олимпиадасының қатысушысы Әли Әл-Хадрауиды 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Шешуші матчта Айдос Кенжеғұлов қарсыласы Найф әл-Жадиды 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы сегіз мықты командалар қатарына жолдама алды.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы бірінші дивизиондағы алғашқы сайысында Таиландты 3:1 есебімен жеңген болатын.
Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді. Турнирде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынап жатыр.
Қазақстан құрамасының ойыншылары: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт, Ангелина Романовская.