Елорда тынысы

Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бәйге сайысы 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады.

Ойындардың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендердің арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button