UncategorizedЕлорда тынысы

CTS: қозғалыс өзгереді, аялдама жабылады, жол жүру билеті шығады

CTS компаниясының таратқан мәліметке сәйкес, автобустардың бағдары уақытша өзгеріп, бір аялдама жабылып, жол жүру билеті қолданысқа енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласындағы қоғамдық көлік қатынасындағы бірқатар өзгерістер туралы компанияның ақпараттарын төменде жариялап отырмыз:

Құрметті жолаушылар!

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 40, 320, 306 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
                                                                *     *     *
Құрметті пайдаланушылар!
Қазанның 11 және 12 күндері, бағдарламаны қайта орнату жұмыстарын жүргізуге байланысты, Орталық кассада уақытша қаражатты қайтару бойынша қызметі көрсетілмейді.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Естеріңізге саламыз, Орталық кассада келесі қызмет түрлерін алуға болады:
— мектеп және жеңілдікті карталарды шығару және қайта шығару;
— көлік карталарын сатып алу, толтыру, қайтару, ауыстыру;
— көлік әмиянына қате толтырылған ақша қаражатын қайтару.
Жұмыс кестесі: сағ. 09:00-ден 17:45-ке дейін, түскі үзіліссіз. Жексенбі – демалыс.
                                                                *     *     *
Құрметті жолаушылар!
№№ 7, 17, 63, 56, 29, 29а, 61 бағдарлардың қозғалыс сызбаларынан Ж. Молдағалиев көшесі соңғы аялдама бағытындағы «Е-16» аялдамасы қажетті жол-көлік инфрақұрылымының жоқтығына (кірме «қалта», отырғызу алаңы, 5.12 жол белгісі) байланысты, сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларын отырғызу/түсіру кезінде апатты жағдайларды болдырмау мақсатында жойылды.
                                                               *     *     *
Құрметті жолаушылар!
1 қарашадан бастап экспресс-бағдарларда айлық жол жүру билеті қолданысқа енеді.
Айлық жол жүру билетін 16 қазаннан бастап CTS кассалары және kaspi мобильді қосымшаларында сатып алуға болады.
Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» — 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» — 13 500 тг.
Естеріңізге саламыз, 6 қазанда Астана қ. жаңа № 501 және № 502 экспресс-бағдарлары іске қосылды.
Келесі бағыттармен жүреді:
№ 501 экспресс – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№ 502 экспресс –Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК.
Әр бағытта 8 автобус, жалпы саны 16 автобус қызмет көрсетеді. Қатынау жиілігі 14-20 минут.
Жүру сызбаларымен CTS Instagram @cts_kz парақшасының Tаplink-те танысуға болады. Автобустардың қозғалысы «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақыланады.
Жол жүру құны – 250 тг.
Мектеп және жеңілдікті көлік карталары жарамды.
Сапарларыңызды экспресс-бағдарлармен жоспарлаңыз және ыңғайлы жүріңіз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button