Балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Астанада білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
№59 мектеп-лицейде қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен Астана қаласының білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, Білім басқармасының басшылары, Астана прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға көмекшісі, полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да мамандар қатысты.
Есет Байкеннің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандар 186 құқық бұзушылық жасаған. Әкімнің орынбасары қалада білім беру мекемелерінің басшылары тарапынан бақылауды күшейту және болашақта бұзушылықтардың алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдау талап етілетінін атап өтті.
«Мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік тек оқиғаларға тікелей қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар барлық студенттердің, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осындай жағдайлардың туындауын болдырмайтын жағдайлар жасауға міндетті оқу орындарының басшыларына да жүктеледі. Бұл міндеттерді орындамау қатаң тәртіптік шараларды талап ететін өрескел бұзушылық ретінде қарастырылады», – деді Есет Байкен.
Кеңес барысында ол елордалық Білім басқармасы мен білім беру ұйымдарына және психологиялық қолдау орталығына және полиция департаментіне мектепте қауіпсіз және дамыған ортаны құруға көмектесетін шара қолдануға бірқатар тапсырма берді.