Мәдениет

«Назқоңыр» кешін ұсынды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармо­ния «Назқоңыр» атты ән кешін өткізді.

Классикалық вокал бөлімі­нің солистері ән жанрының сан түрлі әуенін ұсынды. Бұл кеште қазақтың халық әндері «Назқоңыр», «Дедім-ай, ау», «Ғашығым» және басқа да шығармалар, сондай-ақ Ақан сері, Жаяу Мұса, Сегіз сері, Борис Ерзакович, Евгений Брусиловский, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Мұқан Төлебаев, Кенжебек Күмісбеков, Ғазиза Жұбанова, Теміржан Базарбаев, Еркеғали Рахмадиев, Ескендір Хасанғалиев сынды көрнекті композиторлардың вокалдық туындылары орындалды. Қазақстан мәдениетінің ұлы мұрасына айналған бұл әндер филармония солистерінің орындауында фортепианоның сүйемелдеуімен шырқалды. Концертте Алтынбек Арыстанбек, Шахризада Тыныштық, Алтынбек Әбілда, Әйгерім Аманжолова, Талғат Аллабиринов, Нұрсәт Алмас, Фируза Рахметова, Саида Қалықова, Сүндет Байғожин өнер көрсетті. Концертмейс­терлер – Роза Шоткалиева мен Назерке Махметова.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button