Елорда тынысы
14 бағдардың бағыты өзгерді
CTS компаниясының таратқан мәліметке сәйкес, бірқатар автобустардың бағдары уақытша өзгеріп, қозғалыс жабылады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Астана қаласындағы қоғамдық көлік қатынасындағы бірқатар өзгерістер туралы компанияның ақпараттарын төменде жариялап отырмыз:
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:
• 12 қазанда сағат 08:00-16:00 дейін және 13 қазанда сағат 08:00-12:00 дейін Сығанақ көшесінің оң жақ съезінде, Арыс көпірінен Мәңгілік ел даңғылына дейін (Достық көшесіне қарай), жолдың жоғарғы құрылысына негіздерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау үшін, қозғалыс жабылады. Бұл ретте Сығанақ көшесіндегі қозғалыс екі бағытта ашық болады.
• 13 қазанда сағат 02:00-ден 09:00-ге дейін, құрама қорап арқалықтарға бетон құю жұмыстарын жүргізу үшін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
* * *
Құрметті жолаушылар!
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№4, 4А, 15, 15А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55В, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.