Елорда тынысы

Егістікті арам шөптерден тазалайтын робот ойлап тапты

Астана қаласының БИЛ мектебінің 10-11 сыныптың қыздары егістікті арам шөптерден тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Олар – Камилла Кишкашбаева, Арай Жиенбай және Айзере Муханбай.

KazRobotix деп аталатын 80 келілік робот егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Бұл идея алдымен команда капитаны Камиллаға келіпті. Ол алдымен Сейфуллин атындағы агротехникалық институтқа хабарласып, кеңес сұұрапты.  Фараби Керімбайұлы идеяны бізіздендіруге көмектескен. Содан кейін Назарбаев Университетінің Fab Lab зертханасының, атап айтқанда Айдар Әлімбаев пен Рустам Асқарұлы мен Марат Әбілқановтың қолдауымен алғашқы прототипті жүзеге асқан.

Қыздар бұл роботты бір ай ішінде құрастырған.

Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптерден арылта алады. Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы өткен жылы Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды. Бүгінде бұл жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер бар.

“Болашақта біз ірі фермерлермен ынтымақтасуды және жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде кейбір компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Мен әртүрлі мақалаларды оқып, гербицидті көп мөлшерде қолдану мәселесін көрдім, сонымен қатар лазер сияқты балама нұсқалар туралы ойладым және ақырында осы идеяға келдім”, дейді команда капитаны Камилла Кишкашбаева.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button