Қоғам

Астанада жас діни лидерлер форумы өтті

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында «Ортақ болашақ жолында: жас көшбасшылардың дінаралық диалогты нығайтудағы рөлі» атты жас діни лидерлер форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Форумға әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері қатысып, заманауи өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Панельдік сессиялар барысында жаңа технологиялар дәуіріндегі рухани құндылықтар, оның ішінде жасанды интеллекттің сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жас көшбасшылардың әлемнің тұрақты дамуына қосар үлесі талқыланды.

Жиынның қорытындысы бойынша жас діни лидерлердің бірлескен үндеуі қабылданып, ортақ жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Іс-шара аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінің діни материалдарының электронды кітапханасының таныстырылымы өтті.

Жас діни лидерлердің келесі форумы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында 2025 жылы Астанада өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button