Салықты қайтару үшін кәсіпкерден пара алған
Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы кәсіпкерден қосылған құн салығын қайтаруға көмектескені үшін пара алған, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.
«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының қосылған құн салығы (ҚҚС) аудит бөлімінің басшысы Р. Тілегеновке қатысты үкім шығарды. Ол ЖШС директорынан қосылған құн салығын қайтаруға (36 млн теңге) көмектескені үшін 3,6 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», – деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Сот үкімімен лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сурет: https://365info.kz