Елорда тынысы

Этносаралық келісім бойынша семинар-тренинг

Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласының Достық үйінде өткен бұл жиын этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне арналды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин семинарда сөйлеген сөзінде этникалық топтар арасында бейбітшілік пен келісімді сақтау ел үшін басты басымдық және барлық мемлекеттік органдардың міндеті екенін атап өтті.

Ол Қазақстандағы этносаралық тұрақтылық барлық азаматтардың этникалық тегіне қарамастан, олардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты екеніне, мемлекеттік органдар бұған белсенді түрде ықпал етуге тиіс екеніне тоқталды.

Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасуға және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

Тәжірибелік сабақтарда мемлекеттік қызметшілер этномедиация қағидаттарымен танысып, интерактивті және командалық ойындарға қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button