Әуежай автотұрағындағы бағаның өсуіне жол берілмеді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ескертуінен кейін елордалық әуежай ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Агенттіктің Астанадағы департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады.
Бұған дейін әуежайдың Instagram-дағы ресми аккаунтында ақылы автотұрақ аймақтарында тарифтердің өсуі туралы ақпарат (https://www.instagram.com/p/DAsxpB_M0wx/?igsh=MXRla2p0djQzMjk0ZQ%3D%3D&img_index=1) жарияланған болатын.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақ кеңістігінің қымбаттағаны туралы хабарланды (https://tengritravel.kz/my-country/parkovka-stanet-doroje-v-aeroportu-astanyi-549990/; https://bes.media/news/v-aeroportu-astani-podorozhaet-parkovka/).
Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің ескертуі нәтижесінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады.