Елорда тынысы

«Таза бейсенбі» экоакциясы өтті

Астананың Алматы ауданында «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті, деп хабарлады www.astana-akshamy.kz/

«Аудандық әкімдік пен «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған экоакцияға 30-дан астам адам қатысты. Акция «Отан Ана» монументінің жанындағы саябақта өтті. Мұнда біз күз мезгілінде түскен жапырақтарды жинадық», — деді Алматы ауданы әкімдігінің Өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.

Экоакцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті арттыру және табиғатты таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.

«Бүгін Астанамыздағы саябақтардың бірін күзгі жапырақтардан тазалау жұмысына атсалыстым. Қала да, табиғат та, ауа да барлық адамға ортақ қазына. Сондықтан айналамызды таза ұстаған жөн», — деді акцияға қатысушы, «Жастар рухы» жастар қанатының елордалық филиалының мүшесі Тұрабек Алханов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button