Мәдениет

«Нұрлы жүректі» нұрға толтырды

Елордада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға жан жылуын сыйлап қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі балалардың қажетіне бочча ойынының құралдарын табыстау.

Қайырымдылық акциясы барысында «Нұрлы жүрек» орталығының балалары жиналғандарға «Біз біргеміз» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып, би билеп, тәрбиешілерімен бірге қызық ойындар ойнап, көрер­мен көңілін бірден баурап алды. Концертке Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ата-әжелері, «Нұрлы жүрек» орталығының қызметкерлері мен балалары көрермен болды.

Концерт соңында орталық директоры Мұхтар Еркетаев балаларға жүрекжарды лебізін білдіріп, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайтынын баса айтып өтті.

Қайырымдылық іс-шарасының екінші бөлігі спорт алаңында жалғасты. Мүмкіндігі шектеулі балалар бочча ойынын ойнап, тамаша ойын көрінісін көрсетті. Ойын аяқталғаннан кейін Сарыарқа ауданы бойынша ­БҰӨСО-нан барған ата-әжелер ақжарма тілегін айтып, жас жеткіншектерге тәтті шоколад таратты.

«Біз, аға буын өкілдері, жастарды өзіміздің үлгі істерімізбен қайырымдылыққа, жанашырлыққа, шына­йылыққа тәрбиелеуіміз керек. Бұл қайырымдылық шарасы тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар көмек көрсететіндер үшін де маңызды. Қазіргі уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болмайды. Қайырымдылық – халықтың мәдениеті мен тәрбиесінің бейнесі» деп сөзін түйіндеді Сарыарқа ауданы бойынша БҰӨСО-ның басшысы Кенжеболат Бапишев.

Сонымен қатар қайырымдылық іс-шарасына Астана қаласының кә­сіпкерлері атсалысты.

Іс-шара 10 қазан – Халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған. Елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдар күні – қазан айының екінші жексенбісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button