Елорда тынысы

Құрлықтың ең мықты ойыншылары Астанаға келді

13 қазанда Қазақстан астанасында үстел теннисінен 27-ші Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып, 26 елден 210 спортшы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Апта бойы өткен жарыстарда ерлер мен әйелдер арасында жекелей, командалық, жұптық және аралас жұптық санаттарда медальдар сарапқа салынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және командалық есеп бойынша финалдық ойындарына қатысты.

Чемпионаттың соңғы күні үстел теннисі мерекесіне айналды. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз болып КХДР спортшысы Ким Кум Ен танылды, ал жұптық сында жапониялық Сатсуки Одо мен Сакура Йокои алтын медаль иеленді. Ерлер арасындағы жекелей сында чемпиондық атақты Жапонияның Томоказу Харимото жеңіп алды.

Матчтардың нәтижесі бойынша орындар келесідей болып бөлінді:

Әйелдер арасындағы жекелей сайыс: 1 Ким Кум Ен (КХДР) 2 Мива Харимото (Жапония) 3 Мима Ито (Жапония) 3 Доо Хой Кем (Гонконг)

Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:
1 Сатсуки Одо/Сакура Йокои (Жапония)
2 Мива Харимото/Мию Кихара (Жапония)
3 Айхика Мухерджи/Сутиртха Мухерджи (Үндістан)
3 Ман Куай/Чэнь Синтун (Қытай)

Ерлер арасындағы жекелей сайыс:
1 Томоказу Харимото (Жапония)
2 Лин Шидон (Қытай)
3 О Джунсон (Оңтүстік Корея)
3 Хирото Шинозука (Жапония).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button