Елорда тынысы

Ерте жүгіргеннің еңсесі тік

Астана қаласы әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі, Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен Astana City Marathon өтті. Жарысқа 18 елден 2300 адам қатысты. Астаналықтардан бөлек, Қырғызстан, Қытай, Нидерланд, Кения, Ресей, Франция елдерінің қонақтары да келді.

Марафон қашықтығы 42,195 км – жеке жарыс, Ekiden 42,195 км – командалық эстафета және 10 км скандинавиялық жүріс түрі бойынша өтті. Ал 10 км қашықтықты 383 қатысушы сәтті аяқтап, Ekiden командалық эстафетасының қатысушылары бойынша қашықтықты бірінші болып Владимир Экерттің командасы 2 сағат 39 минут 36 секундта мәре сызығына жетсе, екінші болып мәреге Қарағандыдан келген Евгений Бровкиннің командасы жетті. Ал астаналық Бейбіт Ахмұров командасы 2 сағат 40 минут 35 секундта, Айдар Жұмекенованың командасы 2 сағат 53 минут 36 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті толықтырған. Сондай-ақ марафонның негізгі қашықтығы 42 км 195 метрді 73 спортшы жүгіріп, мәреге бірінші болып Талдықорғаннан Данияр Орманғали 2 сағат 35 минут 10 секундта жетті. Екіншісі – өскемендік Әмір Байтуғанов 2 сағат 35 минут 29 секунд уақытпен ұтса, үшіншісі болып 2 сағат 36 минут 58 секундта астаналық Аман Нұргелді топ жарды.

«Спорт – денсаулық кепілі» деген ұйымдастырушылар марафонды жоғары деңгейде ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл күймен аяқтағанын айтады.

«Бұл марафонды Жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп алғаш рет ұйымдастырып тұрмыз. Барлық халықаралық мэйджор сияқты арнайы бір айналым жасалды. Маршрут астанамыздың ең әдемі жерлері мен көшелері – EXPO, Амман, А.Байтұрсынұлы көшелері арқылы өтті» деді марафонның рейс директоры Павел Тензер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button