Елордалық гимнасттар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды
2024 жылдың 10-13 қазан күндері Гонконгта эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Елордалық команда жарысты сәтті аяқтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирде Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур және Жапонияның мықты командалары арасында 6 медаль жиынтығы сарапқы салынды. Астанадан барған гимнасттар үш жас санатындағы жүлдегерлер тұғырына көтерілді. 16 жастан асқан әйелдер санатындағы Азияның күміс жүлдегері Samruk елордалық командасы болды: Оңғарбай Ақерке, Жаркенова София, Қабдула Адина, Санатова Дамиля, Боскеева Индира, Мұхамеди Айғыным, Аленова Аянат, Дон Нұрай, Касаева Дария, Павловская Ангелина, жаттықтырушы Русинова Е. В.
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында Alan-Junior (Астана) командасының гимнасттары чемпион атанды: Әлбекова Рауана, Мұхитбекова Айша, Кондратенко Варвара, Нақып Дарина, Русланқызы Ислана, Болатбек Алнұр, Орынбай Адина, Юн Лилия, Юн Софья, Көктеубай Аяжан, жаттықтырушылар Давлетьярова З.М. және Ақмурзина А.А.
Елордалық Алан-Рио командасы 12-14 жас аралығындағы балалар санатында чемпион атанып медаль жеңіп алды: Тастанбек Ясмина, Пшенова Латифа, Бигаринова Бэлла, Болатова Адия, Островенко Дарья, Сағадат Томирис, Исағали Медина, Мекебаева Аруна, Рахимова Адия, Шпакова Мария, жаттықтырушылар Тастанбекова А.М. және Мұхамедгалева А.Д.
«Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы Азия чемпионатында елімізді лайықты таныстырды. Спортшылар өздеріне жүктелген міндеттерді орындады. Мұндай нәтижелерге қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының жоспарлы жұмысының арқасында қол жеткізілді. Жаттықтырушылар мен хореографтардың кәсіби жұмысын атап өткен жөн. Балаларға деген сенімі, көмегі мен қолдауы үшін гимнасттардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті эстетикалық топтық гимнастика бойынша бас жаттықтырушы Венера Жайлауова.