Қоғам

Халықаралық қонақ үй брендтерінің басшылары Астанада бас қосты

Астанада Kazakh Tourism және Marriott International брендтерінің қатысуымен бизнес-кеңестің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

. Бұл шара Қазақстанның туристік саласын дамыту перспективаларын қонақ үй бизнесінің өкілдерімен талқылауға арналған қосымша алаңға айналып отыр.

Кездесуде Kazakh Tourism 2024 жылы жасаған жұмыстары мен кейбір жобаларының нәтижелерін көрсетіп, 2025-2026 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанды әлемдік туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған бірқатар жоспарларымен таныстырды.

Marriott International брендтерінің өкілдері, оның ішінде жетекші қонақ үйлердің басшылары, Қазақстандағы туристік индустрияны дамыту бойынша өз идеяларымен және көзқарастарымен бөлісті. Атап айтқанда, шетелдік туристерді тартуға және туристік ағымды ұлғайтуға бағытталған туристік жобаларды қолдауда жеке сектор мен қонақ үй бизнесінің мүмкіндіктері талқыланды. Marriott International брендтері өздерінің ресурстары мен мүмкіндіктерін ұсынып, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қызметін қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Kazakh Tourism мен Marriott International брендтерінің арасында бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының негізгі міндеті – Қазақстандағы туристік саланы дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша күш-жігерді үйлестіру.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button