Қоғам
Бүгін Қазақстанда Нан күні атап өтіледі
Бүгін Қазақстанда Нан күні атап өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл күн нанның құндылығы туралы тағы бір айтып, диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін мерекелік күндер тізіміне арнайы енгізілді. «Ас атасы – нан» деген қазақ нанның қадірін түсінген халық. Хош иісті, жұмсақ әрі қытырлақ өнім – көп адамның қажырлы еңбегінің жемісі.
Биыл отандық диқаншылар 25 млн тоннадан астам астық бастырды.
Дастарханымызда әрдайым ыстық нан болатындай күн сайын еңбек ететін жандарға алғыс айтамыз. Әр шаңыраққа жылулық пен жайлылылық тілейміз, нан мен бауырсақтың иісі кетпесін.
Мереке құтты болсын!